Ұстаздар әлеуметтік желіде рейд ұйымдастырды

 

БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ. №69 жалпы білім беру мектебінің ұжымы Қазақстанда алғаш рет, Алматы қалалық Білім басқармасының қолдауымен №10, №40, №45, №63, №69, №70, №125 және №191ЖББМ, №146 мектеп-лицей, №10 мектеп-интернат пен №21, №60 гимназиялардың рейдтік топтарының қатысуымен Instagram желісінде тікелей эфирде жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу рейдін өткізді.

Аталған іс-шараға ата-аналар комитеттерінің төрағалары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Бостандық ауданы ІІБ ЮПБ инспекторлары, мектеп инспекторлары қатысты.
Рейд барысында барлық мектеп өкілдері өздерінің Инста-парақшаларынан тікелей эфирге шықты. Олар мөлтекаудан тұрғындарымен карантиндік нормаларды сақтау, әлеуметтік арақашықтықты сақтау тұрғысында түсіндірме әңгімелер өткізді.
Қазіргі пандемия жағдайы осылай бақылауды күшейтуді талап етеді. Әрі күн жылынған соң, үлкен-кіші сыртта, таза ауада көбірек жүруді қалаймыз. Бірақ жасөспірімдердің беймезгіл жүрмегені абзал. Қадағалаусыз баланың бір нәрсеге ұрынары анық. Сондықтан ұстаздар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ата-аналардың қолдауымен осындай маңызды іс-шара өткізді. Нәтиже берері сөзсіз.

Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *