Ұстаздарға алғыс айтты

2021 жылдың 20 қаңтары күні Алматы қаласы білім бөлімінің басшысы Л. А. Жылқыбаеваға Kundelik.kz-тен «Күміс белгі» табысталды. Ләззат Әуесханқызы бес жылдан бері оңтүстік астанадағы мектептердің мұғалімдері kundelik.kz платформасымен жұмыс істеп келе жатқанын және оқу жылының соңына дейін көшбасшылықты қайтару жоспарлары бар екенін атап өтті. Бұған қоса, ол білім беру процесінің халыққа ашық әрі қолжетімді болуы үшін kundelik.kz-ті кеңінен қолдану қажет екенін мәлімдеді.

Платформаның артықшылықтарын жүзеге асырудағы үлкен рөлді Андрей Дупик басқаратын Алматы қаласы білім басқармасының жанындағы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы атқарады.

Кездесуде «Kundelik.kz» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов платформаны белсенді және үнемі қолданғаны үшін Алматы қаласының мұғалімдеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, kundelik.kz жүйесінің кеңейтіліп жатқанын, Майкрософт Тимс базасында сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына біріктірілген ақысыз бейнеконференция жүйесі құрылғанын баяндады. Хабар және Ел-Арна арналарында әзірленген дәрістерге негізделген ақысыз бейнесабақтарға қолжетімділік артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Күнделік 2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады және электрондық журналдың ең белсенді пайдаланушыларын марапаттауға шешім қабылдады.

Журналдарды сапалы және уақтылы толтыру бойынша көшбасшылар арасында — Қостанай облысы, Шымкент қаласының, Алматы қаласының және Ақмола облысының мектептері! Сіздердің еңбектеріңіз бен жеделдіктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздің қолданушылық шеберлігіңіз педагогикалық қызметке уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *