Стандарттау саласы қағазсыз жүйеге көшеді
Жаңа жүйе бизнес үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болады

Елбасы айтқандай, бүгінгі уақытта әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл ретте индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Сондықтан кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.
Техникалық реттеу және метрология комитеті бүгінгі уақытта стандарттау саласын жаңа индустрияландыру қажеттігіне орай бейімдеуде. Стандарттау – бұл көптеген тараптар (бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, өндірушілер мен тұтынушылар) қатысатын процесс. Бұл тараптарды біріктіру және бір пікірге келу үшін әрдайым стандарттау процесін жетілдіріп отыру, оның ішінде жаңа цифрлы технологияны қолдану маңызды. Осы ретте «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданады. Заңда процестерге автоматтандыруды жүргізудің заңнамалық негізі қарастырылған.
Биыл І кезеңде «стандарттау жоспарын қалыптастыру және «Е-ТК» порталы» екі процесті автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Стандарттау жоспарын қалыптастыру тек қана электрондық форматта жүргізіледі.
Сонымен қатар, шоғырландырылған пікір қалыптастыру, сондай-ақ кең ауқымды қамту және жүйенің қатысушыларын тарту мақсатында әлемнің кез-келген нүктесінен интернетке қол жеткізе алатын стандарт жобаларын талқылау бойынша айқын жағдайларды қамтамасыз ететін, «Е-ТК» порталын құру арқылы стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысын автоматтандыру жоспарлануда.
Сонымен бірге, стандарттаудың негізгі өнімі стандарт және ағымдағы жылғы «интернет-дүкен стандарттары» автоматтандырылған жүйелерді жетілдіру мақсатында ІSO стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымда қолданылатын XML форматына көшу де жоспарлануда. Стандарттар қорының деректер базасының 30 000-нан астам стандарттарын (ҚР СТ, ГОСТ) цифрлау болжамдалып отыр.
Бүгінгі күні бірыңғай мемлекеттік нормативтік техникалық құжаттар қорында 70 500 нормативтік құжаттар бар, оның ішінде 7 796 ұлттық стандарт. Стандарттау саласындағы барлық процестерді автоматтандыру кәсіпкерлер мен тұтынушыларға тиісті құжаттардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
«Процестерді цифрландыру және автоматтандыру шеңберінде «Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы деректерді электронды есепке алу» Ақпараттық жүйелерді әзірлеу қарастырылуда. Бүгінгі күні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтардың 101 бірлігі қамтамасыз етілген.
Кәсіпкерлерге бизнесін жүргізуді жеңілдету мақсатында қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін негізгі блок жүйелерін бір платформаға біріктіретін – техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау «Е-ТРМК» бірыңғай электрондық жүйесіндегі дерекқорларды цифрлық форматқа өзгерту қарастырылған.
Е-ТРМК әр түрлі тізбелердің мәліметтерін салыстыру арқылы объектілерді тұрақты мониторингілеу үшін қажет екендігін атап өту керек. Бұл өнімді өндіруден оны сату/пайдалануға дейін қадағалануын қамтамасыз етеді. E-КТРМ әр түрлі тізілімдер деректерін салыстыру арқылы объектілерді үздіксіз бақылау үшін қажетті екенін атап өткен жөн. Бұл өнімді өндіруден бастап қолданысқа дейін қадағалауды қамтамасыз етеді. Мониторингілеу, соның ішінде кері қайтарылған және алып тасталған өнім жөніндегі ақпарат Е-ТРМК-да орналастырылады. Тұтынушылар үшін тауарды сәйкестендіруге болатын мобильдік қосымша енгізу көзделуде.
Тұтынушыларға арналған ыңғайлылықты жасау үшін мобильдік қосымшаны енгізу көзделіп отыр, оған сәйкес өнімді анықтау мүмкін болады. «Процестерді цифрландыру және автоматтандыру» шеңберінде Ақпараттық жүйені әзірлеу жоспарланып отыр.
Рұқсат беру құжаттарын беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтінім беруден бастап соңғы нәтижені алуға дейін, өтінімдерді қадағалауды енгізе отырып толық автоматтандыруға көшуді жүзеге асыру жоспарлануда.
Осылайша техникалық реттеу және метрология саласындғы үрдістерді автоматтандыру 2 кезеңмен жүргізіледі. Сонымен қатар, бірінші кезеңде жүйенің өзінің маңызды түйінін әзірлей отырып техникалық реттеу тізбесінің бірыңғай өзара байланысты базасын құру ұсынылады.
Екінші кезеңде электрондық құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігімен қатысушылардың Оnlіne жұмыс кабинеттерін құру жоспарлануда, бұл өтінім берушілерге артық құжаттар/мәліметтер (жеке куәлік, тіркеу туралы куәлік, төлем туралы түбіртектің көшірмесі сияқты және т.б.) беруді қысқартады.
Осының барлығы жетілдірілген жүйе арқылы техникалық реттеу субъектілері мен объектілерін мониторингілеу арқылы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатын техникалық реттеудің негізгі мақсатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша техникалық реттеу жүйесінің үдерістерін автоматтандыру бизнесті жүргізу және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, жүйені жалпы «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді.
Бұл жүйенің негізгі артықшылығы – процестің барлық қатысушыларын бірыңғай платформаға біріктіру, мемлекеттік бақылау кезінде деректер базасын қолдану және салыстырып тексеру клеймдеріне онлайн режимінде тапсырыс беру, автоматтандырылған өңдеу (арыз берушінің жеке кабинеті арқылы), QR-сode оқып алу арқылы онлайн сертификаттарды қалыптастыру және түпнұсқалылығын тексеру, Call орталықтарымен толық ақпараттық қолдау. Жаңа жүйе бизнес үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болады.
Заңнамадағы бұл өзгерістер жаңа индустрияландыруды дамытуға және Қазақстанның экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға өзінің зор үлесін қосады.
Сөзімнің соңында айтарым, жаңа уақытқа сәйкес техникалық реттеу жүйесін жетілдіруде жүргізіліп отырған өзгерістер Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басқан Қазақстанның өркендеуіне жол ашып және отандық тауарлардың әлемдік нарықтарға жоғары сапалы бәсекеге қабілетті тауарлар шығаруына мүмкіндік беретін болады.
Құралбек ҚЫЗҒАРИН,
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті
Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы.