Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Сурет: 24.kz

Жалпы Standard&Poor's Қазақстан экономикасының 2022 жылы 3,6% деңгейінде және 2025 жылға дейін орта есеппен 4%-ға жуық өсуін болжап отыр.

Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң  әсерін тигізеді.

S&P мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті. Бұл ретте агенттіктің мәліметіне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және ол Қазақстанның негізгі мұнай және газ экспорты нарықтарына шығуында ірікілістерге алып келмейді.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру бойынша шаралар аясында жалғаса береді. Бұдан басқа ҚР ҰБ-ның несиелендіру бағдарламаларынан шығуы артық теңгелік өтімділікті төмендетеді, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жақсартады.