С.Шәпкенов ҮЕҰ өкілдерімен әлеуметтік-еңбек саласында жүргізіліп жатқан жұмысты талқылайды

С.Шәпкенов ҮЕҰ өкілдерімен әлеуметтік-еңбек саласында жүргізіліп жатқан жұмысты талқылайды
zhaikpress.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бейінді үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп, оның барысында әлеуметтік-еңбек саласында жүргізіліп жатқан жұмыс және басым міндеттер туралы баяндауды жоспарлап отыр деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Кездесу 19 қараша күні сағат 17.00-ге жоспарланған. Шара «Қоғам мен мемлекеттің орнықты дамуы жолындағы серіктестіктің 30 жылы» тақырыбына арналған Қазақстанның Х Азаматтық форумы аясында өтеді.

Бейіндік ҮЕҰ өкілдері жоғарыда көрсетілген кездесуге қатысу үшін тіркеуден өтуі қажет. Ол үшін өз деректеріңізді (толық аты-жөні, ҮЕҰ атауы, ұялы телефон, WhatsApp нөмірі) ағымдағы жылдың 18 қарашасына дейін келесі мекен-жайдағы электрондық поштаға жіберу керек: n.zhansarinova@enbek.gov.kz.

Тіркеуден өткендер шараға қатысу үшін ZOOM-ға сілтеме алады.