С.Шойгу: Мариуполь Ресей әскерінің бақылауына өтті

С.Шойгу: Мариуполь Ресей әскерінің бақылауына өтті
Cурет: 24.kz

Әзірге ресми Киев бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме берген жоқ.

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Ол «қаладағы бейбіт өмір қайта қалпына келе бастады» дейді. «Азовсталь» аумағындағы украиналық жауынгерлердің толығымен қоршауға алынғанын да жеткізді. 

Әзірге ресми Киев бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме берген жоқ. Бірақ Украина жағы әскери парадқа дайындық жүргізу үшін шаһарға Ресей Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко келгенін хабарлады. 

Мариупольде Ресей Қарулы Күштеріне берілмеген бір ғана нысан қалған еді. Бұл – «Азовсталь» комбинаты. Оның аумағындағы бомбадан жасырынатын орында «Азов» полкінің жауынгерлері мен бейбіт тұрғындар болған. 30 сәуірде оларды эвакуациялау басталды.