«Спутник V» вакцинасының балаларға әсері қандай?

«Спутник V» вакцинасының балаларға әсері қандай?
Сурет: Kommersant.ru

Ресейдің Денсаулық сақтау министрі жасөспірімдер арасында «Спутник V» вакцинасының тиімділігі туралы пікір білдірді.

Михаил Мурашко препараттың жасөспірімдер мен ересектер арасында тиімділігі бірдей болады деп санайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

«Біз қазір вакцина препараттарына қатысты мәліметтер алдық. Балалар мен жасөспірімдердің аталған бөлігіне тікелей ауыса отырып, біз бұл препараттың метаболизмі мен әсерін салыстыра отырып анықтауға болатындығын түсінеміз», - деді Мурашко.

Өткен аптада Ресей Үкіметі жасөспірімдер арасында «Спутник V» вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңіне 100 миллион рубльден астам қаражат бөлуді тапсырды. Сынақтар 12-17 жас аралығындағы еріктілер арасында өткізіледі.