«Спутник V» вакцинасын салдырғандарға қажылық ережелері жеңілдеді

«Спутник V» вакцинасын салдырғандарға қажылық ережелері жеңілдеді
Сурет: Мedinaschool.org

Патшалық билігі вакциналанған туристерге қатысты елге кіру ережелерін өзгертті.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғандар қажылыққа Сауд Арабиясына бұрын қолданылған қатаң антиковидтік шектеулерсіз кіре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, вакциналанған туристер үшін ПТР сынақтары мен міндетті карантин алынып тасталды, сондай-ақ ел ішіндегі карантиндік шектеулер жеңілдетілді. «Спутник V» вакцинасы туралы сертификаты бар туристерге елден шығу алдында ПТР тестін немесе ұшу кезінде антиген тестін тапсырудың қажеті жоқ, алайда оқшаулауды сақтау керек.

Сауд Арабиясында бекітілген онлайн-платформа арқылы вакциналауды растауды ұсыну, коронавирусты емдеудің күтпеген шығындарын өтеу үшін сақтандыру, сондай-ақ келгеннен кейін сегіз сағат ішінде Tawakkalna қосымшасында тіркелу жеткілікті.

Вакциналанбаған туристер өз есебінен бес күндік карантиннен өтуі қажет.