«Спутник V» вакцинасын алғаннан кейін кез келген вакцина салдыруға болады

«Спутник V» вакцинасын алғаннан кейін кез келген вакцина салдыруға болады
www.inform.kz

Ковидке қарсы «Спутник V» вакцинасын салдыртқан соң, қайта егу үшін кез келген вакцинаны қолдануға болады, бірақ ең жақсы қорғаныс беретін - «Спутник Лайт». Бұл ретте Moderna немесе Pfizer сияқты мРНК-вакциналарын «Спутник V»-мен бустерлеген жөн. Бұл туралы Н.Ф.Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Спутник V» вакцинасының "дельта" штамына қарсы тиімділігі түрлі бағалау бойынша 83-90 пайыз аралығында. Бұл – басқа екпелерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан Moderna мен Pfizer-ді «Спутникпен», ал «Спутник V»-ны «Спутник Лайтпен» бустерлеген жөн. Басқа вакциналармен бустерлеуге де болады, бірақ ұсынылған әдіс – ең тиімдісі», - деп баяндады Александр Гинцбург.

Ол РКН-вакциналарының коронавирустың «дельта» алдындағы штамдарына қарсы жақсы иммундық жауап беретінін түсіндірді.

«МРНК-вакциналар жақсы, бірақ олардың жасушаларымызға жеткізетін антиген ақуыздың бір кеңістік пішінде орналасатынындай құрылған. Оның «дельтаның» алдында пайда болған "Ухань" және тағы басқа штамдарға қарсы иммундық жауабы өте жоғары», - деді Александр Гинцбург.

Бұған дейін РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко «Спутник V» вакцинасын салдыртып, қайта егуге «Спутник Лайтты» қолданудың тиімділігі өте жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын, коронавирустан қорғаныстың 92 пайыздан асқанын мәлімдеген.