«Спутник V» екпесінің тиімділігіне сенімдімін – француз вирусологы

«Спутник V» екпесінің тиімділігіне сенімдімін – француз  вирусологы
Сурет: Ria.ru

Жақын арада ресейлік препараттың сапасын бағалаған ДДСҰ-ның нәтижелері шығарылады. 


INSERM француз медициналық зерттеу институтының ғылыми директоры Мари-Пол Киени Sputnik V-ді коронавируспен күресте тиімді дәрі деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Lenta.ru хабарлағандай, Киени Гамалея институтының ғылыми жарияланымдары Ресейдің тікелей инвестициялар қорының Sputnik V вакцинасының коронавирустық инфекцияға қарсы тиімділігі туралы мәліметтерін растайтындығын баса айтты. Оның айтуынша, 2020 жылдың қарашасында қор қызметкерлерімен жүргізілген келіссөздер оны Ресейдің COVID-19 препаратын қолдану қауіпсіздігіне сендірген. 


«Біз сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің Sputnik V сапасын бағалау нәтижелерін алдағы айларда күтеміз», - деп сөзін аяқтады ол.