«Спутник V»-ді «омикрон» штамына қатысты өзгерту қажет емес

«Спутник V»-ді «омикрон» штамына қатысты өзгерту қажет емес
Сурет: Dw.com

Бұл - Александр Гинцбургтің пікірі.

Коронавирусқа қарсы препаратты жасаушы Александр Гинцбург «Спутник V»-ді «омикрон» штамы бойынша өзгерту қажеттілігіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Иммунолог вакцинаның құрамын өзгертудің қажеттілігі жоқ деп санайды. Ол «Спутник V» вакцинасы аталған штам үшін модификацияны қажет етпейтінін айтты.

«Осыған дейін айтылған ұсыныстар өзгеріссіз қалады —«Спутник V» вакциналауы және алты айдан кейін «Спутник Лайт» ревакциналауы», - деді Гинцбург.

Сонымен қатар ол шетелдік вакцина өндірушілердің препарат құрамын өзгерту туралы мәлімдемелері олардың вакциналаулары Оңтүстік Африка штамына қарсы әрекет етпейтіндігімен байланысты екенін түсіндірді.