Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады
Сурет: Olympic.kz

18 қазан күні Жапонияның Китаксюсю қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. 

Қазақстан тарапынан дүниежүзілік біріншілікке қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер құрама сапынан жарыс жолына Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ильяс Азизов, Фарух Набиев және Ильфат Имарджанов шығады.

Айта кетерлігі, аталған жарыс спорттық гимнастика бойынша Олимпиададан кейінгі алғашқы дода болып саналмақ. 

Спорттық гимнастикадан өтетін әлем чемпионатының кестесі мынадай:
18 қазан — квалификация (әйелдер).
19 қазан — квалификация (ерлер, әйелдер).
20 қазан — квалификация (ерлер).
21 қазан — көпсайыс (әйелдер).
22 қазан — көпсайыс (ерлер).
23 қазан — еркін жаттығу (ерлер)
24 қазан — еркін жаттығу (әйелдер)