Спорттық гимнастикадан ел үздіктері Алматыға жиналды

Спорттық гимнастикадан ел үздіктері Алматыға жиналды Сурет: Zakon.kz

Алматыда спорттық гимнастикадан кезекті, яғни, 6-шы жазғы спартакиада басталды.


4 жылда бір өтетін байрақты бәсекеге 100-ге жуық қатысушы жиналды. Яғни, ерлер арасында 40, әйелдер арасында 50 спортшы өзара мықтыны анықтайды. Жарыс 3 күнге созылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Осы аралықта бірнеше жас деңгейі бойынша жеңімпаздар анықталады және жалпы есептегі үздік аймақтар да белгілі болады. Кейін жақсы нәтиже көрсетіп, ерекше көзге түскен спортшылардан қос бірдей ұлттық құрама жасақталмақ. Яғни, алғашқысы жазда Қытайдағы Азия ойындарына қатысса, кейінгісі күзде Бельгиядағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Айта кетейік, әлем чемпионатында алдағы Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.



«Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Ең бастысы – жарақат алғандар жоқ. Жыл өткен сайын елдегі спорттық гимнастиканың деңгейі өсіп келеді. Осы бәсекелер қорытындысы бойынша жеңімпаздарға спорттық атақтар беріледі. Бұған қоса, халықаралық, құрлықтық және әлемдік аламандарға қатысуға мүмкіндік ашылады», - дейді спорттық гимнастикадан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Надира Юнусова.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45