Спорт, пікірсайыс, КВН

Спорт, пікірсайыс, КВН Almaty-akshamy.kz

Алматыда «ALMA CUP 2023» және басқа да жастар сайыстары қалай өтті


Алматыда Республика күнін мерекелеу аясында 5500-ден астам адамды қамтыған жастарға арналған 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Мәселен, өткен демалыс күндері жоғары оқу орындарының студенттері арасында «ALMA CUP 2023» турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Спорт чемпионаты-қала студенттері арасында ең танымал спорт түрлерін біріктіретін ауқымды жобалардың бірі. Жоба жастардың спорттық дайындығын және футбол, волейбол, баскетбол және киберспорт сияқты спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған», - деп атап өтті Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы.



Волейболдан жүлде қоры 1 200 000 теңгені құрады. Оның ішінде 600 000 теңге – ерлер арасындағы, қалған 600 000 теңге – әйелдер арасында волейболға жұмсалды. Волейболдан ерлер арасындағы турнирге мегаполистің 22 жоғары оқу орны, әйелдер арасында – 14 жоғары оқу орны қатысты. Жарыс ойыны 2 күнге созылды, оның қорытындысы бойынша әйелдер волейбол турнирінде 1 орынды ҚазСТА-ның «АДК» командасы иеленді, 300 000 теңгені жеңіп алды, 2 орынды – ҚазСТА-ның «Рахат» командасы 200 000 теңгені және 3 орынды – ҚазҰПУ командасы иеленіп, 100 000 теңгені алды. Ерлер арасындағы турнир нәтижесі бойынша ҚазСТА командасы 1 орынды жеңіп алды, оған 300 000 теңге, 2 орынды ҚазҰУ командасы, 200 000 теңге, 3 орынды ҚазҰТЗУ командасы иеленді, 100 000 теңге көлемінде ұтыс алды.



«JAS SPEAK» пікірсайыс турнирі барысында Алматы жастары «Қазіргі Қазақстандағы сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбын талқылады. Финалға 30-дан астам команданың 16-сы шықты. Жеңімпаз «Led Zeppelin» фракциясы болды.


Сондай-ақ, Jaidarman Almaty «Қазақстан КВН Одағы» және жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алматы әкімі кубогы» ойынын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша республиканың үздік командалары арасында жүлделі орындарға: Алматыдан «Энерго» командасы (3 орын және 400 000 теңге), Талдықорғаннан «Шапалақ» командасы (2 орын және 600 000 теңге) және Тараздан «Жуалы» командасы (1 орын және бас жүлде – 1 000 000 теңге) ие болды.


Бұлардан басқа, Алатау ауданында NEET санатында жастар арасында футболдан турнир, қаланың барлық аудандарында жастар арасында футболдан «JAS CUP» турнирі және т. б. өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36