Спорт өміріңізді ұзартады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында  спорттың 7 түрінен зейнеткерлер арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған Спартакиада өткізілді.

Спартакиадаға ауданда тұрып жатқан  80-нен астам зейнеткер  спортшы қатысты.  Аталмыш   сайыс барысында қатысушылар   скандинавиялық жүріс, дартс, секіртпемен секіру, доп лақтыру, дойбы, шахмат спорт түрлерінен сынға түсті. Аудан зейнеткерлеріне қытай гимнастикасының қыры мен сырын үйретіп жүрген тренер Ольга Меречинаның  УШУ спортшылары жарыс басталар алдында Тайцзы, Тумбей сынды спорт түрлерінен  өнер көрсетті.

Спорттық жарыс  барлық санитарлық нормаларға сай  өтті.

Жарыс аяқталғаннан  соң  аудан әкімі Гүлнар  Көкебаева, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы  Тамара  Шәкірова    1, 2 және 3 орын иеленген жеңімпаздарға   дипломдар мен медальдарды табыс етті.  Сонымен қатар, Ардагерлер кеңесінің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан,  спорттық жарыста көзге түскен  ауданның белсенді зейнеткерлеріне де дипломдар табыс етілді.

-Мұндай спорттық жарыстар қарияларымыздың сергек болып, салауатты өмірді ұстануына ұйтқы болары сөзсіз.

Спорттық  мереке өте сәтті өтті. Барлық қатысушылар өздерінің  қай  жаста екенін  ұмытып, қуана жарысты,-дейді Тамара  Мұхтарханқызы.

Рая Ескендір

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *