Спорт – денсаулық кепілі

Алатау ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай футболдан  «Аудан үздігі» кубогына іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Кеше ойын «Атлетикалық ауыл» тұрғын үй кешені аумағында орналасқан футбол алаңында «Нұркент» шағынауданы тұрғындары мен аудандық жергілікті мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында орын алды. Турнирге 12 команда қатысып, «Нұркент» шағынауданының тұрғындары жеңіске жетті. Барлық командалардың ойыншыларына қатысқандары үшін және үздік ойын көрсеткендері үшін номинациялар бойынша димломдар табысталды.

Айта кетейік, өткен аптада «Самғау», «Құрылысшы» шағынаудандарының тұрғындары бақ сынасқан болатын. Өте қызықты әрі тартысты жарыста «Ботақара көшесі» командасы кубокқа ие болған. Жарыс соңында ауыл ақсақалдары жастарға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.  «Аудан үздігі» кубогына іріктеу турнирі әлі де жалғасуда.

Айжан БҮРКІТБАЕВА

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *