Спорт академиясы 2044 жылдарға дейінгі стратегиясын әзірледі

Серік ЖҰМАБАЕВ

Кеше Қазақтың спорт және туризм академиясында университет басшысы Қайрат Закирьяновтың жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті. Онда жоғары оқу орнының 10 жылдық жұмыс қорытындылары айтылды. Сонымен қатар «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» стратегиясы туралы сөз болды.

Кезесуде Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов баяндама жасады. Ол өз сөзінде Академия Орталық Азияда негізгі спорт университеті болып саналатынын, оның суденттері пандемияға қарамастан, Әлем кубогына қатысып, медаль алғандарын жеткізді. Сонымен бірге университет басшысы жаттықтырушылардың дайындығы туралы да, пандемия спортқа қалай әсер еткенін де тілге тиек етті.

– Елбасымыздың «Ұлы Даланың 7 қыры» атты мақаласы баршаға мәлім. Бұл мақалада біздің ата-бабаларымыздың бір кездері әлемдік қоғамдастықтың көшбасшылары болғаны көрсетілген, сондықтан біздің ойымызша, «Қазақстан-2050» бағдарламасы өте шынайы. Осыған байланысты, менің ойымша, біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыздың осы бағдарламаның жемісін пайдалана алуы үшін бізге де ұзақ мерзімді жоспарлар құрып, алыс перспективалар белгілейтін кез келді, – деді Қайрат Қайроллаұлы.

Академия президентінің айтуынша, университеттің басқа мамандықтарының (туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі) мүдделеріне ешқандай да нұқсан келтірмей, әлем бұл оқу орнын Орталық Азияның басты спорттық ЖОО ретінде мойындайды. Осыған байланысты университет басшылығы 2044 жылы академияны Қазақстанның өзіндік спорттық Гарвардына айналдыруды өздеріне міндет етіп отыр. «Әрине, мұның бәрі салыстырмалы. «Спорттық Гарвард» тіркесі таңдалды, өйткені Гарвард әлемдегі ең жақсы университет, сондықтан біз әлемдегі спорттық университеттердің арасында да ең жақсы болғымыз келеді немесе кез-келген жағдайда оның ең жақсы үлгілеріне жақындағымыз келеді, олар онша көп емес», — деп атап өтті Академия басшысы.

Қайрат ЗАКИРЬЯНОВ, Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті:

–2010 жылы менің тапсырмам бойынша ҚазСТА-ның 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Стратегияның басты мақсаты – 2020 жылы кәсіптік білімі мен ғылыми-зерттеу дағдылары жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша Еуразиялық кеңістік елдерінің жетекші бейіндік университеттерінің қатарына кіру болып табылады. Стратегияны іске асыру бойынша қорытындыларды талдау алға қойылған міндеттердің 95% — ға орындалғанын көрсетеді. Сонымен бірге карантиндік шаралар жағдайында халықаралық және ұлттық жарыстардың күнтізбесі едәуір қысқартылды. Алайда, өткен бірнеше халықаралық жарыстарда біздің студенттер әлем кубоктарында 6 медаль жеңіп алды. Ольга Рыпакова (ж/атлетика), Данияр Қайсанов (еркін күрес), Асхат Дінмұхамбет (күрес), Дәулет Теміржан (дзюдо), Милад Кәрім (гимнастика) 5 студент пен түлек Токио қ. олимпиадаға қатысуға лицензия алды. Тағы 15-тен астам спортшы лицензия алуға үміткер.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *