Соңғы 21 айда Тибетте COVID-19 вирусы бірде бір адамға жұқпаған

Соңғы 21 айда Тибетте COVID-19 вирусы бірде бір адамға жұқпаған
Cурет: Синьхуа

Соңғы рет 2020 жылдың қаңтар айының соңында тіркелген

Вирус жұқтыру оқиғасы екі жылға жуық уақыттан бері тіркелмесе де, Тибет автономиялы ауданында екпе салдыру жұмысы қарқынды жүргізіліп отыр. Елде екпенің үшінші кезеңін алу басталып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Қазір жүз мыңға жуық тибеттік азамат екпенің үшінші дозасын алып үлгерді, деп мәлімдеді Синьхуа агенттігі.

Қытайдың денсаулық ісі бойынша аймақтық комитетінің сенбі күні Тибетте коронавирус жұқтырудың жаңа көрінісі тіркелмегеніне 653 күн болғандығын жария етті. Елде соңғы рет вирус жұқтыру оқиғасы 2020 жылдың қаңтар айының соңында тіркелген.

«Вирусқа қарсы күресте оң нәтижеге жеткенімізбен, елде адамдардың дене температурасын тұрақты өлшеу мен көпшілік орындарды залалсыздандыру жұмысын тоқтатпауымыз керек, - дейді Тибет үкімет басшысының орынбасары Цзян Цзе.

Қазіргі таңда 3,5 миллионнан аса халқы бар Тибетте 5,89 миллион доза екпе егілген. Өткен аптада елдегі барлық 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау жұмысы басталды.