СOVID-19 маусымдық ауруға айналуы мүмкін

СOVID-19 маусымдық ауруға айналуы мүмкін
Сурет: Bel.ru

Cарапшылар пікірі.

Сарапшының пікірінше, коронавирус инфекциясы маусымдық ауруға айналады немесе жануарларға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, жануарлар әлемінде коронавирус резервуарларының пайда болуы адамдар үшін қауіпті емес және қалыпты процесс болып саналады.

«Вирустың жалпы көздегені - инфекция түрі ретінде тұрақталып, тіршілігін жалғастыру. Вирус сақталып қалады, ал оның басқа резервуарға өтуіне мутациялар ықпал етеді. Дәл адамзат ағзасына келу жолына ұқсас. Яғни, мутация пайда болып, адамның ағзасында  көбеюге мүмкіндік берді», - деп атап өтті ол.