Сот орындаушылары онлайн түрде автокөлікке тыйым сала алатын болды

Сот орындаушылары онлайн түрде автокөлікке тыйым сала алатын болды Сурет: ашық дереккөз

 2 мамырдан бастап сот орындаушылары автокөлік құралдарына бірнеше минут ішінде электрондық тәсілмен тыйым салып немесе оны алып тастай алатын болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 






Бұл қызмет Әділет министрлігінің Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында іске қосылды. Жобаны Әділет министрлігі, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бірлесіп әзірледі.


Талғат Уәлидің айтуынша, осы жобаны енгізудің арқасында сот орындаушылары мен ішкі істер органдары арасындағы қағаз құжат айналымы қысқартылды. Автокөлік құралдарынан тыйым салуды алу онлайн төлемнен кейін автоматты түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, сот орындаушыларының қаулыларын өңдеуде адами фактор жойылды.



«Бұдан басқа, онлайн төлем жасағаннан кейін ішкі істер органдарына автокөлік құралдарынан шектеуді алып тастау үшін қаулыны жіберу бойынша сот орындаушыларына жүгіну қажеттігі жоқ, өйткені барлық қажетті іс-әрекеттер автоматты түрде электрондық форматта жүргізілетін болады»,- деп атап өтті ресми өкіл.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59