Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты
Сурет: Ашық дереккөз

Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі екі айға ұзартылған болатын

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«17 маусым күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 3 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 шілдесіне дейін. Қаулы заңды күшіне енген жоқ «,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі екі айға ұзартылған болатын.

«Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын күшінде қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады. Бұған дейін тергеу соты іс-әрекетті саралау туралы шешім қабылданғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген болатын», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады.

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.