Сот әкімшілігінде жаңа тағайындаулар болды

Сот әкімшілігінде жаңа тағайындаулар болды
Сурет: Тurkystan.kz

Жоғарғы Сот ҚР Сот әкімшілігі болып қайта құрылды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан сот реформасы судьялар корпусын және сот төрелігін іске асыруға ғана емес, сондай-ақ сот әкімшілігіне де қатысты. Сот әкімшілігі уәкілетті орган ретінде сот әкімшілігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды дербес жүзеге асыратын болады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров жаңа орынбасарларын таныстырды.

Басшының бірінші орынбасары болып Нұрсұлтан Байтілесов, орынбасарлары болып Елдос Жұмақсанов, Асылбек Мүсірәлінов және Жантемір Шәкиев тағайындалды. Оларды Президент Әкімшілігінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы тағайындады.