Сопылық философиясы арқылы қоғам мәдениетін көтеру

Сопылық философиясы арқылы қоғам мәдениетін көтеру
Сурет: Кatacult.com

Тәуелсіздігіміздің арқасында азаматтарымыз ғылыми-техникалық жаңалықтар ашып үздіксіз даму үстінде.

Алайда адамдар арасындағы байланыс, мәдениет және отбасы институттары артта қалып қойды. Қазіргі таңда әлемде терроризм мен түрлі заң бұзушылықтар көбейіп кетті. Ол мәселелер біздің елді де айналып өтпеді. Мәселеге түп негізінен кірсек, оның себебі көбі ойлағандай емес. Біз сопылық философиясы арқылы қоғам мәдениетін қалай көтере аламыз, сол туралы айтып кетуі қажет. Ең бірінші, сопылық философиясына анықтама беріп кетейік. Сопылық философиясы – орта ғасырда пайда болған ислам философиясының түрі. Бұл философияның негізігі ерекшелегі – адамзатты өнегелі өмір сүруге баулу. Негізгі мәдени өнімдерді жырлар, аңыздар және поэзия арқылы жеткізеді. Солардың біріне Қожа Ахмет Ясауидің «Даналық кітабын» ала аламыз. Қазақтың XV-XIX ғасырлар арасындағы жыраулары осы Қожа Ахмет Ясауидің еңбектері арқылы дүниетанымдарын, көзқарастарын қалыптастырған. Солай жаңа толқынмен қазақ ауыз әдебиетіне үлес қосып отырды. Қазақтың тарихы мен әдебиеті осы сопылықпен байланысы бар екенін білеміз. Қазақтардың онтологиялық танымы осы сопылық аңыздар арқылы іске асып отырған. Аңыздар мен жырлар тәрбиелік мәні бар мықты құрал. Орта ғасырдан осы заманға дейін түркі елдері және қазақ елі моральді осылай жеткізетін. Аңыздар мен мифологиялық ертегілер тыңдарманға жол сілтеп, бағыт бағдар көрсетіп отыратын. Қазіргі таңда қоғам және адамзат көбінесе материалистік және рационалистік көзқарасты ұстануда. Себебі қазір эмпирикалық ғылым кең жайылып кетті. Ал, жалпы, адам санасы мифтік және рационал сана деп екіге бөлінеді. Осы екі сананың біреуі болмаса, адамның болмысы толық ашылмайды. Қазір біз мифтік сананы алып тастағанның әсерінен сан түрлі залым адамдар таралып кетті. Жүрегінде жақынына мейірімі жоқ адамдар осындайдан пайда болады. Біздің елді және өзге елдерді дамыту үшін мифтік сананы да іске қосу қажет. Оған, әрине, жақсы бағыт беретін сопылық философиясының негізгі принциптері және құралдары. Бұл философия түрі адамға өмірдің мәнін табуға және қоғамды өркениетті етуге көмектесе алады. Оның фундаменталды функциялары екі сананы да іске қоса алады. Екі санасы дұрыс дамыған адамдар өркениетті жақсы бағытқа бұра алады.

Өркен АДАЕВ, магистрант

Еркебұлан ЕСМҰРАТ, магистрант

Данат ЖАНАТАЕВ, доцент, жетекші, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті