Жиенбаева жасөспірімдер арасында жетістікке жетті

Жиенбаева жасөспірімдер арасында жетістікке жетті
Сурет: ktf.kz

Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында өткен Мысырдағы жарыста финалист атанды

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 105-орында тұрған қазақстандық Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жиенбаева жекелей сында соңғы бәсекеде ғана Польша өкілі Моника Станкевичке (27 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді. Ал жұптық сында тағы бір қазақстандық Асылжан Арыстанбековамен бірге финалда ресейліктер Дарья Егорова – Юлия Перепахинаға жол берді – 3:6, 1:6.

Соня мен Асылжан Мысырда қалады. Олар осы аптада бірінші санаттағы J500 жарысында бақ сынайды.