Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 7 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 5, Батыс Қазақстан облысында 1 науқас тіркелді.

Сондай-ақ 4 маусым күні аталған індеттен 11 адам жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында – 7 сырқат.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирустың 1 305 781 жағдайы анықталды. Соның ішінде 1 292 035 науқас сауығып шықты.