Соңғы екі аптада коронавирус инфекциясының таралуы 3,2 есе өсті

Соңғы екі аптада коронавирус инфекциясының таралуы 3,2 есе өсті
Сурет: Ашық дереккөзі

Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласы «сары», қалған өңірлер «жасыл» аймақта. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазір ауру жеңіл түрде өтуде. Дегенмен ауырғандардың көпшілігі вакцина алмағандар, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер мен балалар арасында көптеп тіркелуде. Соңғы аптада әлемнің 69 елінде коронавирустың таралуы едәуір өскен. Оның ішінде Ресей 68%, Венгрия 40%, Грузия 20%, Польша 13%-ды көрсетеді»,-деді министр.