Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3,2 есе өсті

Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3,2 есе өсті
сурет: Egemen.kz

Мониторинг нәтижелері белгілі болды 

Оның 89% жуығы екпе алмаған және соңғы 6 айда ревакцинациядан өтпеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл жайында бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. COVID-19 бойынша халыққа медициналық көмектің көрсетілуіне Нұр-Сұлтан қаласындағы БМСК ұйымдарына бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижелері белгілі болды. Қаланың 8 емханасында жүргізілген мониторинг емханалардың 12%-да (жеке медициналық ұйымдар) сүзгі-кабинет жұмысының ұйымдастырылмағанын, COVID-19 жұқтырған науқастарға қашықтан мониторинг жүргізілмейтінін, дезинфекция, маска режимі, әлеуметтік қашықтық сақталмайтынын көрсетті. Вице-премьер Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне COVID-19 жұқтырған науқастармен жұмыс жүргізу алгоритмін сақтамайтын медициналық ұйымдарға тиісті шара қабылдауды және осындай тексерулерді барлық өңірде жүргізуді тапсырды.