Солтүстік Қазақстан «сары» аймаққа өтті

Солтүстік Қазақстан «сары» аймаққа өтті
Cурет: Egemen.kz

5 облыс пен бір қала «сары» аймақта тұр

«Қызыл» аймақта ешбір өңір қалмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

6 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта ешбір өңір қалмады.

«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.