Солтүстік Қазақстан облысы да «қызыл» аймаққа өтті

Солтүстік Қазақстан облысы да «қызыл» аймаққа өтті
Сурет: Liter.kz

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймақта тұрған болатын.

13 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бағалау матрицасы бойынша, бүгінгі таңда еліміздегі өңірлердің эпидемиологиялық ахуалы төмендегідей:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.