Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпайтынын мәлімдеді

Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпайтынын мәлімдеді
Сурет: Media.az

Ким Чен Ын ресми мәлімдеме жасады.

КХДР басшысы Ким Чен Ын Пхеньяндағы 14-ші КХДР Жоғарғы Халық Жиналысының жетінші сессиясында сөйлеген сөзінде АҚШ Солтүстік Кореядағы режимді құлатқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

7 қыркүйекте КХДР Жоғарғы Халық Жиналысының 14-ші шақырылымының жетінші сессиясы өтті. Онда Ким Чен Ын АҚШ-тың саяси позициясы жөнінде пікір білдіріп, КХДР жүз жылдық санкцияларға тап болса да, ядролық қарудан бас тартпайтынын мәлімдеді.

«АҚШ-тың мақсаты - біздің ядролық қаруымызды жою ғана емес, сайып келгенде, біздің ядролық күшімізді жою, өз-өзімізді қорғау құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу, кез келген уақытта режимімізді құлату үшін бізді әлсірету», - деді ол.