Солтүстік Корея кезекті зымыранын ұшырды

Солтүстік Корея кезекті зымыранын  ұшырды
Сурет: Actualidad.rt.com

Әскерилер мәліметтерді зерттеп жатыр.

Солтүстік Корея теңізге бір мезгілде екі қанатты зымыранды ұшырды деген болжам бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta. ru сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын ғана баллистикалық зымыран сынақтарын өткізген Солтүстік Корея шығыс жағалаудан Жапон теңізіне қарай снарядтарды ұшырды. Басылымның хабарлауынша, қазір әскерилер снарядтардың  нақты түрін анықтау үшін алынған мәліметтерді зерттеп жатыр.

Бұған дейін КХДР төрт баллистикалық зымыран сынағын өткізген болатын, оның соңғысы 17 қаңтарда өтті. Солтүстік Корея әскерилерінің мәліметінше, тактикалық басқарылатын екі зымыран Жапон теңізіндегі нысанаға тиген. Ату қарудың түрін және оның сынау үшін жүргізілді.