СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
сурет: Olympic.kz

Токио Олимпиадасының сегізінші қола жүлдесіне қол жетті.

Каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

61 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол жартылай финалда египеттік Фериял Абделазизбен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте Берульцева 4:5 есебімен жол берді. Осылайша, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасы үшін Токио ойындарындағы сегізінші қола медаль. Бұған дейін қола иеленген Қазақстан спортшылары қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов бар.