Софья Берульцева Бүкіләлемдік каратэ ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Софья Берульцева Бүкіләлемдік каратэ ойындарының алтын медалін жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Берульцева Бирмингемде өткен 2022 жылғы Бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Финалда Берульцева испаниялық Мария Торрес Гарсиядан басым түсті.

Айта кету керек, бұл турнирге әлемнің ең мықты каратэшілері – бар-жоғы 96 спортшы жиналған.