Сочиді су басты

Сочиді су басты
Сурет: Topnews.ru

Ресейдің Сочи қаласында төтенше жағдай жарияланды. 

Сенбі, жексенбі күндері алапат су тасқыны болып, Бзуга өзені арнасынан тасыған. Бұған дейін үздіксіз нөсер құйып, бір сағатта 76 мм жауын жауып, қала орталығында ондаған көшені су басты. Табиғи апаттан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлеуметтік желілерге жүктелген бейнероликтерден тасқынның көліктерді шайып әкетіп жатқанын көруге болады. Федералдық тас жолдың 200 метр бөлігін су басқан. Бұған қоса, қаланың кейбір аудандарында электр жарығы өшті.