Смартфонның құдіреті...

Смартфонның құдіреті...
Сурет: 3dnews.ru

Ұялы телефон сенімді серігің

Қазір смартфонды жиі пайдаланатын болдық. Онсыз таң атып, күн батпайтын болды. Себебі, заманның талабы соған келе жатқандай. Ол біз бізге дос, сырлас, іштегі шерді шығарушы. Барлығымыз бір экранға байланып бара жатқандаймыз. Алысты жақындатты, жылдам хабар алғызды. Осының бәрі телефонның мүмкіншілігі десек артық айтпағандық болар еді. Әрине, оның барлығы интернеттің көмегімен орныдалады. Сондықтан, ғаламтор мен ұялы телефон егіз ұғымдай көрінеді.

Бүгінде адамдардың ең сенімді серігі әрі досы телефон болды. Тіпті көмекшісіне айналды. Алғашында тек байланыс құралы ретінде қароастырылды. Ешқандай, басқа фукциясы атқармады. Олар сымдар арқылоы жалғанған апараттармен хаьбар алмасып тұрды. Бұл дүниенің шығу бастауы XVIII ғасырда шыға бастады. Дегенмен алғаш рет ХІХ ғасырда нақты жаңалық есебінде қолданысқа түсті. Сол себептіде бұны ойлап табушылар қатарында Антонио Меуччи, Александр Грэхем сынды өнер тапқыштар тұңғыш эскизн жасаған. Бірақ, екеуі бірге ойлап таппаған. Негізінен бірінші мәрте teletrofono деп атаған. Бұл еңбек Антонио Меуччидікі болып саналады. Қысқаша алғанда осылай. Ғажайып жаңалықтың туған жері АҚШ болып саналады.

Көмекші. Смарфон – адамзаттың айнымас досына айналды деп текке айтпадық. Олай детініміздің өз жөні бар. Уақыт өтіп жатыр. Мәселен бір жерге хабарлама жіберу керек болды. Оны сіз тек ұялы телефонның көмегімен жасайсыз. Сондай-ақ, кездесу орынын немесе іскерлік жұмыстарды жоспарлайсыз, оны дәл осындай жолмен іске асырасыз. Нәтижесінде, іскерлік істеріңіздің нақ уақытыт белгілеуге көмектеседі.  

Заман талабы. Біздер смартфонсыз күн кеше алмайтын заманға келдік. Бүгіндері еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін осыны қолданады. Әлеуметтік желіге кіреді. Пікір қалдырады. Арасында эмоциясыз білдіреді. Күн өткен сайын телефонға қажеттілік артуда. Атқаратын қызметіде жоғарылып барады. Мәселен, жоғарыда ұялы апаратпен істелінетін істің бір шетін айттық. Егер құжат жіберетін болсаңыз, міндетті түрде құрылғының көмегіне жүгінесіз.   Онсыз басқа амал жоқ. Бұрынғыдай төлем жасау үшін банкке, құжырлы мекемелерге  қоржын толы қағаз апарудың қажеті шамалы. Оның үстіне пандемия баршамызды онлайнға қарай жақындатты. Әрбірден, үйретті десекте болады. Бүгінгі таңда бәрі онлайн жүреді. Комуналдық қызметтер, айппұл төлеу, дүкенде есеп айырысу бәрі-бәрі онлайн орындалады. Бұл үшін бізге көмекке телефон келеді. Көрдіңіз бе? Заманның талабы дегеніміз осы.

Қорыту. Жылдам дамып жатқан кезең дәп біздің заман. Өйткені, заман басқа заң басқа. Уақыт аз, тіршілік ету парыз. Онсыз өмір сүрудің өзі мұңдай көрінеді. Орыс халқының тәмсілімен айтқанда «Уақыт – ақша». Біртіндеп осыған келе жатырмыз. Бәлкім, соның ішінде жүрген шығармыз. Ең бастысы смартфон құралы көмекшімізге айналды.