Смартфондағы ақпараттарға абай болған жөн

Смартфондағы ақпараттарға абай болған жөн
Сурет: Rbc.ru

Киберқауіпсіздікті жетілдіру керек!

Смартфондағы хабарламалар маңызды ақпарат болып саналады. Киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар хабарламалар мәтінін көрсетуді неге өшіру керек екендігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Esoreiter сайтына сілтеме жасап. 

Сарапшылар мұқият болуға кеңес беруде.

«Әр түрлі құпия ақпаратты смартфоннан хабарламалардан алуға болады: банктегі шоттағы қалдық, іскери корреспонденцияның бөлігі, таза жеке хабарламалар және т.с.с. Бұл ақпаратты өзгенің қарауы ықтимал. Соның ішінде шабуылдаушының ойы мен оқиғалардың барысы әр түрлі болуы мүмкін. Бейтаныс адамның алынған мәліметтермен не істегісі келетіні де белгісіз.Мұның алдын алу үшін мобильді операциялық жүйелерде хабарлама мәтінін жасыру функциясын қолданған абзал», - деді Касперский зертханасының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Виктор Чебышев.

Group-IB зиянды кодты зерттеу зертханасы басшысының орынбасары Роман Резвухиннің айтуы бойынша, итермелі хабарламада пайдаланушы онлайн-банктен растау кодтарын да, мессенджерлер мен қосымшалардан да кодтар ала алады. Сондықтан шабуылдаушылар тіпті  құлыпталған телефонды да ашуы мүмкін. Сөйтіп, басқа қызметтерге де қол жеткізе алады.

«Қазір көптеген банктер push-хабарламаларында бір реттік кодты көрсетеді. Сондықтан оны экранда көру қиын емес. Демек, хакерлер сізде үлкен ақша бар екенін анықтап, қорғауды айналып өтіп теориялық түрде біле алады. Біз сізге смартфондағы қосымшаларды ашық-шашық қалдырмауға кеңес береміз», - деп қорытынды жасайды сарапшы.