Смартфонның адам энергиясын тартып алатыны дәлелденді

Смартфонның адам энергиясын тартып алатыны дәлелденді
Cурет: Menslife.com

Зерттеушілер күнде бір мезгіл смартфонды өшіріп қоюға кеңес береді. 

Түскі үзілістің өзінде де уақытын смартфонмен өткізетін жандар бұл уақытты серуендеуге, әріптестерімен сөйлесуге немесе кітап оқуға арнағандарға қарағанда қатты шаршайды.

Корея зерттеушілері жұмыс уақытында шаршап жүретіндерге түскі ас кезінде мобильді құрылғыны өшіріп қоюға кеңес береді. Бұл туралы Menslife интернет басылымы жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жүргізілген эксперимент бойынша түскі үзілістің өзінде де уақытын смартфонмен өткізетін жандар бұл уақытты серуендеуге, әріптестерімен сөйлесуге немесе кітап оқуға арнағандарға қарағанда қатты шаршайтыны белгілі болған.
Зерттеу барысында 400-ден аса ерлер мен әйелдер қатысқан сауалнама қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен. Сауалнамада түскі ас кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы көңіл күйді нақтылаған.
Қатысушылардың жартысына жуығы түскі ас кезінде ұялы телефон қолданған. Қалғандары бұл уақытта смартфондарын өшіріп қойған. Енді біреулері таза ауада серуендеп, енді бірі адамдармен араласқан. Үзілістен кейін байқалғандай, смартфон қолданғандар өздерінің тыныққанын сезбеген, олар күштерінің сарқылғанына және жұмысқа деген белсенділіктерінің төмендегеніне шағым айтқан. 
Ғалымдар смартфонда бір дегенде бірнеше қызметтерді (әлеуметтік желілерді қолдану, плей-листерді тыңдау) атқару көп энергия мен күшті алып қоятынын айтады. Ал басылымдарды, кітаптарды оқуда мұндай селқостық байқалмағанын атады. Себебі қағаз түріндегі бұқаралық құралдарда жылт еткен жарнамалар, сілтемелер және басқа да назар аударатын дүниелер жоқ. Сонымен қатар көз бен мойынға да күш азырақ түседі екен.