Словениядағы шаңғы жарысы кейінге шегерілді

Словениядағы шаңғы жарысы кейінге шегерілді
Сурет: Оlympic.kz

Халықаралық жарысқа жаңа координация қарастырылуда

Шаңғы жарысы мен шаңғы қоссайысынан Словенияның Планица қаласында өтуі тиіс әлем кубогі кезеңі коронавирусқа байланысты өткен жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Халықаралық шаңғы спорты түрлерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

Аталған кубоктік кезең Бейжің Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жарыс болатын. 

21-23 қаңтарға жоспарланған жарыстар коронавирусқа байланысты Словенияда өткізілмейді. Қазіргі таңда халықаралық ұйым жарыс өткізетін жаңа орынды іздестіруде. 

Айта кетелік, бұған дейін Фрацнияның Ле Рус қаласындағы әлем кубогі кезеңі кейінге қалған болатын. 

Осы орайда, келесі кубоктік кезең 26-2 ақпанда Финляндиның Лахти қаласында өтеді.