Сыйластық - ұлы ұғым

Сыйластық  - ұлы ұғым
Сурет: Яндекс.Дзен

Сыйластық шкаласы дегеніміз не?!

Ел арасында «Сыйлағанның құлымыз» деп жатады. Аса терең айтылған ой.  Бүгінгідей қарбалас заманда осы сөздің тіпті де қадірі артқан сияқты. 

Сыйластық үлгісі. Сөзіміз жанды болуы үшін шежірені сөйлетелік. Тарихта патша өкіметіне қарсы шыққан Махамбет пен Исатай батырлар өткен. Олардың Отан алдында жасаған ерлігі, батылдығы, батырлығы бөлек әңгіме. Махамбет атамыз серігі, жан досы Исатай батырға деген сыйластығы ерекше болғанға ұқсайды. Тіпті дүниеден өткен шағында қимауы, өлең арнауы осының дәлелі десек, артық айтпағандық. Барлығын саралағанда, достықтың бастауы сыйластықта тұр дер едік.

Сондай бір көріністі Кенесары хан туралы аңыздан байқаймыз. Ханның әскері алдындағы абыройы тым биік болыпты. Бірде 500 жасағымен ұрыста жау қоршауында қалыпты. Сонда өзеннен өте алмай жатқан тұста үзеңгілестері оған өз атын ұсынып, қоршаудан шығуға, аман-есен қалуына жандарын салыпты. Осындай шын ықыласты құрмет жиі қайталанғанға ұқсайды. Бірақ, Хан Кене еш уақытта өз сарбаздарын жау қолына қалдырмапты. Сыйластықтың айрықша белгісіне осы оқиғаны қалайша жатқызбаймыз?!

Топтау. Бұрынғы ғұламалар «Дүниенің ең тәттісі – сыйластық» депті. Жоғарыдағы мысалдарды топтағандағы шығатын ой осы. Ал сыйластықты білдірудің жолдарын әркім өзі білер. Сыйлы болу – абырой, сыйлай білу – адамдық демекпіз.