Сыйақы әлде корпоратив?

Сыйақы әлде корпоратив?
Cурет: Ашық дереккөз

Сауалнамаға қатысушы жұмыскерлердің 78%-ы корпоративке кеткен ақшаны сыйақы ретінде бергенін қалайды

Қазақстандықтар корпоративті мекереден гөрі ақшалай сыйақы алғанды тәуір көреді, – деп хабарлады naryk.kz HeadHunter Қазақстан компаниясының сайттағы мәліметтерге жасаған талдауына сүйене отырып. 

2020 жылы көп компания жаңа жылдық корпоратив жасаудан бас тартты. Биыл сауалнамаға қатысушылардың 46%-ы корпоратив болатынын айтқан. Қалған 54%-ы әзірге белгісіз екенін жеткізді.

Корпоративтен бас тартқан компаниялардың 77%-ы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас тартқанын айтса, 19% бюджеттің жоқтығын алға тартқан.

14% компания корпоративті онлайн өткізбек. 73%-ы дәстүрлі түрде өткізеді. Корпоратив өткізетін компаниялардың 62%-ы толығымен компания бюджетінен төлесе, 24%-ы бір бөлігін компания, бір бөлігін жұмыскерлер өздері төлейтінін айтты. 14%-ы толығымен жұмыскерлеріне төлетпек.

Сауалнамаға қатысқан жұмыскерлердің 48%-ы корпоративтен ешқашан қалмайтынын, 35%–ы кейде баратынын, 17%–ы мүлде қатыспайтынын айтқан. Сауалнамаға қатысушы жұмыскерлердің 78%-ы корпоративке кеткен ақшаны сыйақы ретінде бергенін қалайды.