Сиверс алмасының екі мың дана көшеті өсірілді

Сиверс алмасының екі мың дана көшеті өсірілді
aikyn.kz

Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Журналистерді микроклондау арқылы одан әрі жаппай тарату үшін вируссыз, генетикалық біртекті отырғызу материалын алумен айналысатын зертхананың жұмысымен таныстырды. 

Бұл - өсімдіктің барлық негізгі генетикалық ерекшеліктері сақталатын жеделдетілген вегетативті көбею әдістерінің бірі. Ол дәстүрлі көбею әдістеріне қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, алынған барлық клондар - вирустардан босатылған бастапқы "ата-аналық" өсімдіктің абсолютті генетикалық көшірмелері. Екіншіден, бір донор өсімдіктен көптеген ұрпақ алуға болады. Қазіргі уақытта мұнда Сиверс алмасының 2 мың дана көшеті өсірілді. Бастапқы материал ретінде "Іле Алатауы" МҰТП генетикалық резерватында жиналған Сиверс алма ағашының тұқымдары пайдаланылды. Бұдан басқа бұта тұқымдас қайың мен көктеректің түрлерінің гендері өсіріледі, - деді "Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы" РМҚК Оңтүстік-шығыс аймақтық филиалының директоры Болат Сәтімбаев.