Синоптиктер құрғақшылық туралы алғашқы дабылды ескерту жасауда

Синоптиктер құрғақшылық туралы алғашқы дабылды ескерту жасауда
Сурет: Islam.kz

Қазгидромет құрғақшылық туралы алғашқы дабылды ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында маусымның бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық болады деп күтіледі.

Бұған дейін Қазгидромет маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп болжады.