Синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын ұсынды
Сурет: 24.kz

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың батыс облыстарына солтүстік-батыстан жылжыған циклон әсер етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, кей жерлерде республиканың орталығында атмосфералық фронтальды жүйелердің әсерінен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, тек Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Батыста, оңтүстікте көктайғақ болады деп болжанды. Қазақстанның батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -9-11°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +2+4°С.

Шымкентте көшпелі бұлтты. Өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С.