Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
сурет: Inform.kz

Күндіз бұршақ түсуі ықтимал

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавлда жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі, дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында +35°C дейін қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ойысып, күндіз облыс орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз сынап бағаны +42...44°C көрсетеді.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде +35...+39°C, облыстың оңтүстігінде +40...+42°C қатты ыстық сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының батысында солтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ойысады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде +35°C қатты ыстық болады деп күтіледі.
Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында және Атырау қаласында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың оңтүстігінде +36°С қатты ыстық сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с құрайды, күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+38°C.