Синоптиктер алдары күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер алдары күндері ауа райы қандай болатынын болжады
Сурет:Apostrophe.ua

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» мамандары 28- 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның батысына Ақ теңізден келген циклон әсер етеді.

«Іле-шала циклон шығыс бағытқа ауысып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына да әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сонымен қатар, 30 сәуірде республиканың батысында нөсер жаңбыр жауады.Үш күнде оңтүстікке циклон әсер етеді. Бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел секундына 15-20 метрге, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте ауа температурасы біртіндеп төмендеп, елдің қалған аумағында жоғарылауы мүмкін.