Сингапурда робот-полицей тәртіпті қадағалайды

Сингапурда робот-полицей тәртіпті қадағалайды
itc.ua

Сингапурда робот-полицей пайда болды. «Хавьер» есімді құлтемір қала көшелері мен ғимараттарындағы тәртіптің сақталуын қадағалайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Инновациялық құралды елдің Ғылым және технология агенттігі жасап шығарған. 4 дөңгелекпен қозғалатын робот-полицейдің 7 көзі, яғни камерасы бар. Билік өкілдерінің айтуынша, осындай 2 құлтемір қыркүйек айында жұмысқа кіріскен.

Сақшы-роботтар «мотоциклді жолға қоймаңыз», «жаяу жүргіншіге жол беріңіз» деген сияқты ескертулерді дауыстап айтып жүреді. Сондай-ақ «Хавьер» рұқсат етілмеген орында темекі шекпеу және арақашықтық сақтау, көп адам жиналмау туралы коронавирус талаптарының сақталуын да бақылайды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, алдағы уақытта робот-полицейдің саны көбеюі мүмкін.