Сымсыз құлаққаптың жақсысы қайсы?

Сымсыз құлаққаптың жақсысы қайсы?
Сурет: Хbt.com

"Роскачество" сымсыз құлаққаптардың рейтингін жаңартты.

Ұйымның сайтында хабарланғандай, "Роскачество" 2021 жылдың ең жақсы сымсыз құлаққабы ретінде AirPods 3-ті таңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұйым сарапшылары 2021 жылдың екінші жартысындағы жаңа сымсыз гарнитураларды қарап, ең жақсы үлгілерді таңдады. Рейтинг көшбасшысы ретінде Apple компаниясы қазан айында ұсынған AirPods 3  аталды.

Авторлар жаңа құрылғының AirPods Pro дизайнын алғанын, бірақ белсенді шуды жою функциясынсыз шыққанын атап өтті.

«Бағасы 16 500 рубль болса, бұл Pro моделінен 2000 рубльге арзан, бірақ AirPods-тың алғашқысынан 3500 рубльге қымбат», - делінген хабарламада.

AirPods 3-тен басқа, B&O Beoplay EQ, Honor Earbuds 2 Lite, Sony WF-C500 және JBL Tune 130NC TWS  құлаққаптары да рейтингтің басына шықты.

Сонымен, B&O Beoplay EQ шуды болдырмау функциясының жоғары сапасымен, Honor Earbuds 2 Lite батареясының ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленді.

«Пайдаланушылардың көпшілігі құлаққапты жақсы көреді. Респонденттердің үштен бірінен астамы осындай құлаққап пайдаланады», - деді "Роскачествоның" халықаралық зерттеу бөлімінің басшысы Марина Боровкова.

Қалай болғанда да, AirPods Pro барлық уақытта сымсыз құлаққаптардың ең жақсысы болып қала берді. Sony WH-1000XM3 және AirPods 3 сәйкесінше рейтингте екінші және үшінші орындарда.

Сарапшылар сонымен қатар 10 мың рубльге дейінгі ең жақсы сымсыз құлаққаптарды атады. Үздік үштікке Honor Earbuds 2 Lite, Sony WF-C500 және JBL Tune 130NC TWS кіреді.

Шілде айында "Роскачество" мамандары сымсыз гарнитуралардың рейтингін жаңартты. Бірінші орынды AirPods Pro, екінші және үшінші орындарды тиісінше Sony WH-1000XM3 және Sony WH-1000XM4 құлаққаптары иеленді.