Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар қорғалады

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар қорғалады Сурет: BaigeNews.kz

Сонымен қатар олардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау мәселесі қарастырылады. 


Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 



«Келесі мәселе – жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды қорғау жүйесін жетілдіру. Бүгінгі таңда мемлекеттік қорғау тетіктері тек қылмыстық процеске қатысатын адамдарға ғана көзделген. Ал жемқорлық туралы хабарлайтын адамдар қылмыстық процеспен қамтылмауы мүмкін. Оған қоса, қорғау шарасы тек зорлық-зомбылық немесе күш қолдану қаупі болған кезде ғана қолданылады. Мысалы, заңнамада мұндай тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау шаралары қаралмаған. Яғни, жұмыс барысында қудалану тәуекелі бар», – деді Марат Ахметжанов тиісті заң жобасын талқылау барысында. 



Бұл ретте ол хабарлаушылардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау мәселесі назарға алынатынын атап өтті. 



«Оларға қатысты тәртіптік шара қолдану мәселесін алқа отырысымен қарау мүмкіндігін белгілеу. Бұл ретте, мұндай шешім әділ және ашық болу үшін міндетті түрде отырысқа агенттіктің өкілі шақырылады. Сонымен қатар жемқорлық туралы хабарлаған адам жөніндегі мәліметті құпия ретінде сақтау, ал оны жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыру қажет. Аталған шаралар жемқорлық фактісін әшкерелеуші адамның құқықтарын қорғауға кепілдік береді», – деді спикер.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19