14 шілдеде ауа райы қандай болады?

14 шілдеде ауа райы қандай болады?
Сурет: Qazaqstan.tv

Жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді.

Синоптиктер сәрсенбі күні ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

« 14 шілде күні Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында, сондай-ақ Алматы облысының таулы аймақтарында аз уақытты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 25 м/с жетеді. Сонымен қатар өрт қаупі сақталады»,  – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ Талдықорған қаласында күндіз күн күркірейді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.