Шілдеде қалың қар жауды

Шілдеде қалың қар жауды
Dw.com

Бразилиялық кофе 2 есе қымбаттауы мүмкін. Бұның себебі - елге шілдеде қар жауып, аномальды суықтың болуы, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бразилияның оңтүстігінде қар жауып, кофе өсірумен айналысатын фермерлердің өнімі үсіп қалған.

Мұнда ауа температурасы минус 8 градусқа дейін төмендеген.

Мамандар мұндай көрсеткіш 1994 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отырғанын айтады.